Саясат • 10 Қазан, 2022
Жаһандық сын-тегеурін кезеңінде әлем елдері ішкі тұрақтылықпен қатар тату көршілік қарым-қатынастарға, экономикалық, әлеуметтік әрі саяси диалогке басымдық беріліп отыр. Кезінде Қазақстан бастамашы болған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына 30 жыл толды. Аталған кеңестің геосаяси жағдайда толыққанды халықаралық ұйым дәрежесінен көрінуі мүше-мемлекеттер үшін маңызды.
Саясат • 10 Қазан, 2022
Биылғы барыс жылы әлем үшін ғана емес, еліміз үшін де оңай болған жоқ. Қазір де жан-жағымыз тыныш емес, әлемдік геосаяси ахуал тым күрделеніп барады. Осындай қиын-қыстау кезеңде етек-жеңімізді жинап, мұқият болуымызды уақыттың өзі талап етіп отыр.
Аймақтар • 10 Қазан, 2022
Қызылша өсіруге қаржылық қолдау
Жетісу аймағының агроөнеркәсіптік кешенінде 2025 жылға дейін 31,9 млрд теңгеге 67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның басым бөлігі мал және өсімдік шаруашылығына арналмақ. Мұны өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Ведомство басшысы облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен бірге тауар өндірушілерімен кездесіп, оларды толғандырған сауалдарға жауап берді.
Экономика • 10 Қазан, 2022
Өзге өңірлердей емес, Қарағанды сайын далада оқшау тұрған жоқ. Мұңы көп, бірақ мұраты түзу моноқалалары бар. Сондықтан да Қарағанды облысына сапарында Президент пәрмен берді. Бұл пәрменге сай кеншілер астанасының іргесіндегі моноқалалар даму көшінен кешеуілдеп қалмауы керек. Саран – дәл осындай момын тірлік кешкен моноқала. Қарағандыдан 25 шақырым қашықтықта.
Қаржы • 10 Қазан, 2022
Шетел азаматына шот не үшін ашылады?
Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін көрші ел азаматтарының жаппай өзге елдерге өте бастағаны белгілі. Соның ішінде басым бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтті. Қазір елімізге келген ресейліктердің саны жөнінде түрлі дерек айтылып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елімізге 200 мыңнан астам РФ азаматы келген. Осыншама адамның келуі ішкі нарыққа әсер етпей қоймайды. Біз екінші деңгейлі банктерге хабарласып, тосын миграцияның әсері жайлы сұрадық.