Еңбек • 04 Қазан, 2023
Өткен жылдың аяғында жергілікті маңызға ие Орқаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі құрылды. Бұл – Ақтөбе облысында сегізінші болып құрылған табиғат қорғау мекемесі. Оған Темір орман шаруашылығынан 57 469 гектар жер бөлініп, мекеме кеңсесі Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында орналасатын болды.
Экономика • 04 Қазан, 2023
Мұнайды игерудегі жасанды интеллект
Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұнай өндіру ісінде көбіне бұрғыланған 10 ұңғыманың тек 7-еуі ғана игеріледі. Енді ABAI ақпараттық жүйесінде жасанды интеллект арқылы «ҚазМұнайГаз»-ға геологтер байқамай қалған көмірсутегі кен орындарын («цифрлық» мұнай деп аталатын) «көруге» және өнімді ұңғымалар санын 9-ға дейін арттыруға көмектеседі. Бұл игілік тау-кен компанияларының миллиондаған капиталдық шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Шымкент • 04 Қазан, 2023
Жуырда Шымкентке Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов арнайы іссапармен келіп кетті. Сала өкілінің төрағалығымен құрылған комиссия қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге шаһардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Экономика • 04 Қазан, 2023
Еліміз егемендік алып, мемлекет құрылымы, қоғам өмірінің барлық саласы жаңадан жол іздеп, тыңнан түрен сала бастаған тұрлаулы жылдары қалың бұқараның тыныс-тіршілігіне тікелей жауапты экономика мен өндіріс саласы да толықтай өзгеріске ұшырап, жаппай индустрияландыру бағытына бет түзеді. Негізгі бағдар өңдеу өнеркәсібі болды да, кейін ол бүкіл өндіріс, шаруашылық саласының қозғаушы, екпінді күшіне айналды.
Спорт • 04 Қазан, 2023
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы қазан айында 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталы іріктеу кезеңі аясында Әзербайжан құрамасымен екі матч өткізеді.