Қоғам • 10 Қазан, 2022
Университеттегі қоғамдық қабылдау
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ЕҰУ басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықовтың қатысуымен жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. ЖОО ақпараттық ашықтық қағидатын ұстанады және жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл жасауда коммуникациялардың жаңа арналарын құрады.
Сұхбат • 10 Қазан, 2022
Долда Кенешұлы: Халқымның байлығы – ұлттың рухани мұрасында
Қазақ диаспорасы қоныстанған алыс-жақын шетелдерде әлі де әдеби ортаға онша таныс емес мәдени мұралар баршылық. Мысалы, Қытай елінде туып-өсіп, сол елдегі қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін және байырғы домбыра және сыбызғы күйлерін жинаумен айналысқан Долда Кенешұлы деген ағамыз бар. Бұл кісі қыруар байлық: 100-ге жуық қисса-дастан, 50-дің үстінде араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған қолжазба, көне кітаптар, ондаған мың шумақ өлең-жыр, халық ән-күйлері, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелерді қолтықтап 2005 жылы атамекенге көшіп келді. Келе сала қолындағы құнды мұраларды ұлтжанды азаматтарға көрсетті. Нәтижесінде, қолындағы мол қазынаның бір бөлігі, яғни 128 сыбызғы және 300-ге тарта домбыра күйлері, 400-дей халық әні үлгілері, жазушы Ұлықбек Есдәулет, сазгер Айтқали Жайымов, домбырашы Біләл Ысқақ, сыбызғышы Еділ Құсайыновтардың атсалысуымен 2007 жылы жеке-жеке кітап болып, «Атамұра» баспа өндірісінде басылып шықты. Қазақ еліне оралған соң да мұра жинаушының еңбегі бағаланып «Достық» орденімен марапатталды. Қазіргі таңда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалға елордада жолығып, әңгімелескен едік.
Тарих • 10 Қазан, 2022
Қарашекпендінің қазақ жерін отарлауы
ХІХ ғасырдың басында Ресейде егіндікке жарайтын 140 млн десятина жер болды. Соның 70 миллионын 30 мың помещик өзара иеленіп алды. Ал қалған 30 млн десятина жер ондаған млн мұжық-шаруаға жетпеді. Мұжықтар бұған наразылық танытып, помещиктерді өлтіріп, бүлік көтеруге дейін барды. Ресей үкіметі бұдан құтылатын жалғыз жол қазақтың жерін тартып алып, орыс шаруаларына бөліп беріп, қоныстандыру деп тапты.
Тарих • 10 Қазан, 2022
Арқалық қаласының маңында ертеден жеткен тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Солардың бірі – күні бүгінге дейін бір кірпіші бұзылмай сақталып келген Мақат саханасы. Кесене Ұлытау облысы мен Қостанай облысының шекарасындағы бұрынғы Қорғасын, қазіргі Шеңбер ауылынан 6 шақырым жерде, Арғанаты тауынан бастау алып, Торғайға келіп құятын Қараторғай өзенінің бойында тұр.
Әдебиет • 10 Қазан, 2022
Әрбір талантты жазушының «ә» дегеннен әдебиетке келгенде оқырманды жалт қаратып, есімін әйгілеп, қолтаңбасын танытқан бірегей шығармасы болады. Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның (1942-2013) дәл сондай төлбасы туындысы – «Жібек жолы» романы. Қабырғалы қаламгер бұл романды 27 жасында жазып, ол 1973 жылы «Жазушы» баспасынан 60 мың таралыммен жарық көрген. Сондай-ақ 1983 жылы «Дружба народов» журналының қосымша жазылымы жүйесінде 300 мың данамен басылып, іле-шала шығарма мадияр, украин, неміс, түрік, моңғол, пұштын тілдеріне аударылған. Тарихи туынды туралы сол кезде тәжік Зұлфықаров, әзербайжан Анар, қырғыз Қасымбеков, армян Грант Матевосян, молдаван Ион Друцэ, орыс Иван Уханов секілді белгілі жазушылар жылы лебізін білдіріпті.