Тағайындау • 07 Қазан, 2019
Асқар Жәкенов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімімен Асқар Серікжанұлы Жәкенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 07 Қазан, 2019
Маңғыстауда қайырымдылық марафоны өткізілді
Ақтауда «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобасының аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өткізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Елімізде баспана құрылысы жыл сайын 10 пайызға артады
Жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемін жыл сайын 8-10 пайызға арттыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
«Жаңа Алматының» құны 800 млрд теңге тұрады
«Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша қаланың шеткі аймақтарын дамытуға 800 млрд теңге қажет. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен қаржы форумында айтты.
Спорт • 07 Қазан, 2019
Оралда «Aqjaiyq marathon» өтті
Орал қаласында тұңғыш рет «Aqjaiyq marathon-2019» толық марафон жүгірісі өтті. Спорттық шараға әйгілі супермарафоншы, халықаралық спорт шебері және Гиннес рекордтар кітабына жеті рет енген Марат Жыланбаев, триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ержан Жаппаров қатысты.