Еңбек • 03 Қазан, 2023
Осы күні кәсібін елдің нәсібіне айналдырып, тапқан табысына мектеп, мешіт, спорт зал сияқты түрлі құрылыстар салып, халықтың игілігі етіп, ел алғысын алып жүрген кәсіпкер азаматтар баршылық. Шүленгерлік – жұртымызда бұрыннан бар астары алуан игі қасиет. Қазақ тілінің әдеби сөздігіне жүгінсек, шүлен сөзінің бірнеше мән-мағынасын табамыз. Бір мағынасы – ақ пейілмен ақы-пұлсыз көпшілікке тегін таратылатын ас, зат. Енді бір мағынасы – осы мырзалықты жасаған жомарт жанның өзі. Тағы бір мағынасы – қуаң жерді игеру, шұрайландырған бағбандық. Тағы жалғастырсақ – жоқты бар етіп, болымсызды мол етіп, күйкі өмірді түрлендіріп, рақат жайсаң тірлікке айналдыра білу.
Пікір • 03 Қазан, 2023
Ізгілік ойы бір арнаға тоғыссын
Діни сенімдер адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Адамның қоғамдағы, бүкіл ғарыштағы рөлін түсіндіреді, кемелдікке ұмтылуға шақырады. Қиын кезеңде діни ілім қажетті эмоционалдық және психологиялық қолдау көрсетеді.
Пікір • 03 Қазан, 2023
Аман-есен жеңілдеп, босанудан кейінгі бөлімге ауысқан кезім. Бір бөлмеде үш әйел жатқанбыз. Төрдегі төсектің жанында бала арбасы жоқ екен. Бала арбасы жоқ әйел дезинфекция жасайтын мамандай бүркене киініп, бір жаққа кетті.
Қоғам • 03 Қазан, 2023
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қарайтынымыз рас. Олардың қандай дағды мен қарым-қабілетке ие екенін де біле бермейміз. Бірақ олардың өмірге деген құлшынысы, әлеуметтің әлеуетін көтеруге деген ниеті көпшілікті тәнті ететіні сөзсіз.
Ауыл • 03 Қазан, 2023
Жедел желі ауыл жастарын қолдайды
Өңірлерде жастарды қолдау бағытындағы жедел желі жұмыс істеп тұр. Мұнда мамандар 35 жасқа дейінгі азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, жеңілдігі бар несиеге ілігу сынды мәселелер бойынша тегін кеңес береді.