Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Ақбөкен атқаны үшін айыбын төледі
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы прокуратурасы қадағалау актісі арқылы мемлекет пайдасына 10,8 млн теңге өндіріп алды. Бұл ақбөкен аулап, мүйізін сату секілді қылмыс жасаған тұлғалардың тигізген материалдық залалы болатын.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі, «Отандастар қоры» КеАҚ және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ жақында Лондонда Ұлыбританияда тұратын отандастарымыздың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырды.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Түркістан облысында алдағы жылдары «Дарын» мектептері көбеймек. Биыл қараша айында дарынды балаларды пән олимпиадаларына дайындайтын, әдістемелік, педагогикалық жұмыстарды жүргізіп отыратын «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы ашылады. Ал 2020 жылы «Оқушылар сарайын» ашу жоспарлануда. Заманауи білім ошақтары бой көтеріп, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға барлық жағдай жасалады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
Білім беру сапасы – болашаққа кепіл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы халыққа Жолдауы ел дамуындағы маңызды сатыларды айқындады.