Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Өндіріс ғылыммен ұштассын

106 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе.

Өндіріс ғылыммен ұштассын

Онсыз біз ұлт­тың келе­шек­тегі дамуын қам­тамасыз ете алмаймыз. Үкімет бұл проблеманы ғылыми-зерт­теу­лер­дің деңгейін арттыру және олар­ды практикада қол­дану тұр­ғысынан қарағаны жөн.

А.И.Бараев атындағы ғы­лыми өндірістік орталық қыз­мет­керлері Мемлекет басшы­сының идеяларын толы­ғы­мен қолдай отырып, агро­өнер­кәсіп кешені мен ғылымды дамыту саласында дұрыс міндеттер қойды деп санайды. Қазіргі таңда А.И.Бараев атынд­ағы ғылыми өндірістік орталық агроөнеркәсіп кеше­нін дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған мем­лекеттік бағ­дарламасы шең­берінде суар­малы полигон (ақылды полигон) құру мәсе­лесі бо­йын­ша белсенді жұмыс жүр­гізу­де. Бұл жұмысты біз Ауыл ша­руашылығы министр­лігі­мен бірлесіп жүргіземіз. Бұл үшін АШҒӨО «Valmont» аме­рикалық компаниясымен келісім жасадық және олармен нақты суару саласын­­да ынтымақтастыққа қол қой­дық. Жоба ауыл шаруа­шы­лы­ғы дақылдары мен ирри­га­ция­­лық жүйелерді өсі­рудің жаңа инновациялық агро­тех­но­логияларын, сондай-ақ АШҒӨО базасында монито­ринг және бақылау техно­ло­гияларын көрсетуге бағыт­тал­ған. Компания ғылыми ор­та­лыққа жаңа буындағы үш жаң­бырлатқыш қондырғысын жеткізді. Жаңа агрегат өнімді­лікті арттыруға және су ресурс­тарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, ҒӨО база­сында 3 мың гектар жер суары­латын алқап болмақ. Біз­дің алдын ала ғылыми ізденіс­тері­міз бойынша мұндай жо­ба­лар елдің экспорттық әлеуе­тін арттыруға мүмкіндік бере­ді. Бұл ретте аталған жоба ас­тық дақылы ғана емес, сон­дай-ақ әртараптандыру бағдар­ла­ма­сына қатысатын ауыл шаруа­шылығы дақылдарын нақты суару арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Солтүстікте – соя, жасымық – Орталық Қазақстанда, жүгері мен мақта – Түркістан облысында өсіріледі. Бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвести­ция­ларды тартуда серпін бе­ре­тіні қуантады. Бұл туралы Президент Қазақстан халқы­на Жолдауында да атап өтті. Суару­дың рөлін ауыл шаруа­шылы­ғын­да асыра бағалау қиын. Бұл қазіргі жағдайда өнімділігі аз жер­лерді түбегейлі жақсарту­ға және жоғары өнімді жер­ге айналдыруға септігін тигізеді. Ал әлемдік ауыл шаруашылығы заманауи жағдайда өндірілетін өнімнің ғылымды қажетсінуін күшейту бағытында іс-қимыл атқарып келе жатқандықтан, Қазақстанға да даму институттарында, ғылыми орталықтарда және технологиялық жобаларда АӨК-дегі жоспарларға жетекші ғы­лыми бағдарламаларды өн­ді­ріспен байланыстыру қа­жет. Республикада ауыл шаруа­шы­лы­ғының елеулі өсуіне бағыт­­талған агросекторды иннова­­ция­лық дамытудың объек­тив­ті, шынайы, қазіргі заман­ғы және мемлекет жақсы қол­дайтын стратегиясы қажет. «Ақылды» суландыру, тыңайт­қыштарды қол­дану және ауыл шаруашы­лығы дақыл­да­рын әр­тараптандыруды ен­гізу қажет. Осы жағ­дайда ғана елеу­лі табыс­­тарға қол жеткізуге және қазақ­­стандық ауыл шаруа­шы­лы­ғын әлемдік деңгейде толық бәсеке­ге қабілетті етуге болады.

 

Кенже АБДУЛЛАЕВ,

А.Бараев атындағы Ауыл шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының бас директоры, профессор