Қоғам • 07 Қазан, 2019
Шетелден жұмысшы тартуға талап күшеймек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанмен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып отырғандықтан, Үкімет бұл мәселеде табандылық танытуы керек.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы күндері қазақстандықтардың өміріне оң өзгеріс әкелетініне сенім зор. Ел Президенті өз Жолдауында Қазақстанда «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» деген ұғым өз мағынасына толық сай болу қажеттігін қадап айта отырып, оған бастар негізгі жолдарды нақты көрсетті.
Әлем • 07 Қазан, 2019
Басқа басылымдардан: Алқалы жиын Шығыс тақырыбына арналды
Ресейдің Сочи қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVІ пленарлық сессиясы әлемдік БАҚ назарынан тыс қалған жоқ. Әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналған төрт күндік шара көптеген халықаралық сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің жіті бақылауында болды.
Әлем • 07 Қазан, 2019
Жаңа құрылым Сирия дағдарысын еңсере ала ма?
Халықаралық қоғамдастықты 8 жылдан бері алаңдатып келе жатқан Сирия дағдарысының күрмеуін шешу барлық қатысушы тараптарға оңай тиіп жатқан жоқ. Елдегі ауыр жағдайды жеңілдетуге, тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған түрлі келіссөздер жүргізіліп, сириялықтардың үмітін оятқан бірқатар игі қадамдар жасалса да Сирияның аспаны қара бұлттан арылар емес.
Бір жазушы ағамыз өзінің сұхбатында жастық шағы туралы айта келіп, «Оқудан құлап келдім. Әкемнің алдында құным түсіп кетті. Малға салды» деді. Осы сөзді естігенде әуелі аңтарылып, кейін іштей абыржытқан түсініксіз күй кештім. Ойландырды. Әке мен бала арасындағы осы бір жағдаят адам мен қоғам, адам мен мемлекет, адам мен әлем арасындағы қатынастың кіші формасы секілді көрінді маған. Тіпті, жаратушы мен адам арасындағы рухани байланыста да осы тұр.