Қоғам • 07 Қазан, 2019
Өртенбесін орманың, орман сенің қорғаның
Қыркүйек айының 22-і күні Баянауыл ауданында өрт шыққаны туралы хабар тарады. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жартысында 69 орман өрті анықталған. Өрттің көлемі 1385 гектар аумақ болса, 583 гектары – орман алқабы. Өрттен кейін 11 қызметтік тексеру жүргізіліп, орман қорғау бөлімдерінің 13 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Көкжиде жерасты суларын сақтап қалу қажет
Қазір әлемде таза ауыз су көздерінің тапшылығы байқалып отыр. Мұндай жағдайда ел аумағындағы жерасты ауыз су көздерінің қорын сақтау мен оның ластануына жол бермеудің маңызы ерекше. Әйтсе де бүгінде жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде көмірсутегі шикізатын игеріп жатқан алпауыт компаниялар жерасты су көздерінің мұнай қалдықтарымен ластануына жол беріп жүргені қынжылтпай қоймайды.
Тағайындау • 07 Қазан, 2019
Федерацияға жаңа басшы сайланды
Өткен сенбі күні Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде республикалық «Qazaq kuresi» федерациясының жылдық есеп беру конференциясы өтті.
Экономика • 07 Қазан, 2019
Экспортты ұлғайтуға мүмкіндік мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне тауарларымызды экспортқа шығаруға үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. Президент тапсырмасының орындалу барысы мен алдағы жоспарлары туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев баяндап берді.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
ПИК тұрғындардың қаражатын жымқырды
Бас шаһарда көпқабатты тұрғын үйлердің саны 3 мыңға жуықтап, оларға 488 ұйым қызмет көрсетеді. Елордада құрылыс саласы қарқын алып, жыл сайын 2 млн-нан астам шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі. Алайда тұрғын үй-коммуналды шаруашылығына қатысты дау-дамай азаяр емес. Әсіресе пәтер иелері кооперативі және баспана құрылысының сапасына байланысты тұрғындардың наразылығы жиілеп кетті. Мәселен, Nur Otan партиясының қалалық филиалы мен қалалық әкімдікке 40 мыңнан астам шағым келіп түскен.