Қоғам • 28 Қазан, 2021
Мұқтаждың мұңын бөліскен мейірімді мамандық
Қарияларға қолұшын созып, ерекше күтімді қажет ететін ересектер мен балалардың, табысы төмен тұрғындардың қамқоршысына айналған жанашыр жандар бар арамызда. Отандастарымыз осындай мейірім мен жан жылуын әуелі әлеуметтік қызметкерлердің бойынан көріп келеді. Мұқтаждың мұңын бөліскен мұндай мамандық иелерінің саны Қазақстанда қазір 12 мыңнан асады. Оның 10 мыңы медициналық-әлеуметтік мекемелерде еңбек етеді.
Үкімет • 28 Қазан, 2021
Министрліктер құзыреті қайта бөлінеді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Экономика • 28 Қазан, 2021
Таңбалау және бизнестегі байбалам
Сырттан тасығанымыз, өзіміз өндіргеніміз бар, сөрелердегі тауарларды түгелдей таңбалау қаншалықты қисынды? Осы мәселе қозғалса болғаны, өндірушілер неге байбалам салып шыға келеді? Шындығында тауарларды таңбалау бағалардың қымбаттап, өнімнің азаюына алып келуі мүмкін бе?
Әдебиет • 28 Қазан, 2021
Шығыс шынарының бір дәніндей қазақ топырағында өсіп-өніп тамырын терең жіберген Абайдың әр сөзіне «ілініп», Шығысын міні еткісі келгендерге ұлы Мұхтар: «Осы жерде санаған ақын ішінде бүгінгі туысқан елдеріміз, кеңестік Шығыс: әзербайжан, тәжік, өзбек ақындарының классик үлгісіндегі қадірлі тобының ғана атын атап отырған жоқ па?» деген жауабы естеріңізде болар. Жазушының уәжі хакімді талағандарға тосқауыл болса да, бүгінгі түркі қауымдастығы үшін бұл бөліс Шығыс шынарларын өздерінің тек-тамырынан алыстатқаны анық.
Өнер • 28 Қазан, 2021
Өнерпаз бойында бекзаттық болғаны дұрыс
Ұлттық өнеріміздің бір төресі – би. Ол туралы айтқанда ойымызға алдымен атақты биші, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлова түседі. Осы аяулы апамыздың ізін басып, би өнерінде өз қолтаңбасын қалыптастырған Тойған Оспанқызының да орны ерекше. Ол танымал биші ғана емес, қазақ биін зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуге үлес қосқан өнертанушы ғалым. Біз бүгін сахна саңлағымен өмірі мен өнері жайында сұхбаттастық.