Әлем • 04 Қазан, 2019
Үндістанда қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды
Питхорагарх қаласына жақын жерде орналасқан әскери полигонда «Қаз-Инд-2019» қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды. Шара қарсаңында Үндістанға Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілер жасағы келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 04 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтеді
Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» орталық концерт залында Халықаралық мұғалімдер күніне арналған «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік концерт өтеді. Бүл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Қазан, 2019
Елордалық ТЖД «Шарапат» орталығына жиһаз сыйлады
Қазан айында үш бірдей мереке халықаралық қарттар күні, мүгедектер және әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мерекелік сыйлық жасады. Бұл туралы http://astana.gov.kz хабарлады.
Аймақтар • 04 Қазан, 2019
Қала күнінде 100 отбасы коттедж кілтін алды
Талдықорған қаласында үй кезегін күткен 100 отбасы бірден баспаналы болды. Қала күні мерекесін атап өту барысында жаңадан салынған коттеджді қалашық аумағындағы тұрғын үй кілттері табыс етілді.
Аймақтар • 04 Қазан, 2019
Ауыл жастарының да жаңа заман игіліктерінен қалыс қалмай, жаңалықтардан хабардар болып отыруы маңызды. Елбасы жариялаған Жастар жылы осы бағыттағы біраз игі істерге жол ашты. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болып, жұмысқа орналасып, кәсіп ашып жатқан жастардың қатары көп. Құр сенделіп жүрмей, бос уақыттарын тиімді өткізу де жастардың жаман әдеттерге бой алдырмауларына септігін тигізеді. Жастарға арналған жобалар мен орталықтар Атырау облысының барлық аудандарында бар. Ал Индер кентінде еліміздегі аудан орталықтарының арасынан алғаш рет жаңа форматтағы кинотеатр ашылды. Бұл да «Жастар жылының» тартуы.