«3D Lazer» соңғы үлгідегі кинотеатры - аудан әкімдігі мен «Меломан» компаниясының біріккен жобасы. Индердегі «Жастар орталығында» орналасқан 200 орындық кинотеатрдың ашылу салтанатында аудан әкімі Мейірім Қалауи: «Елбасы мен Президенттің мемлекеттік саясатына сәйкес азаматтардың қолайлы өмір сүрулеріне толық жағдай жасалуы қажет. Аудан тұрғындарына арналған алғашқы кинотеатрдың ашылуы да осы саясаттың нәтижесі. Осы игі істерге бастамашыл болып, қолдау көрсеткені үшін аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлына алғысымызды білдіреміз», - деді.
Аудан тұрғындары жаңа кинотеатрдан режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмін тамашалады. Енді алыстағы ауыл халқы да жаңа фильмдерді еліміздегі ірі кинотеатрлармен қатар көре алады.
АТЫРАУ