Руханият • 04 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтеді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» орталық концерт залында Халықаралық мұғалімдер күніне арналған «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік концерт өтеді.  Бүл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Нұр-Сұлтанда ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Кәсіби мереке қарсаңында өтетін іс-шарада елорданың үздік мұғалімдері мен белсенді жас мұғалімдері марапатталады. Бұл шараның ерекшелігі сол сабақ кестесі ретінде өтетіндігінде. Көрермендер бір сәтке өздерін мектеп партасында отырғандай сезініп, мектеп пәндерін естеріне түсіреді.

Яғни, концерт барысы бір күндік сабақ түрінде өтеді. Айта кетейік, мерекелік кешке Қазақстандық эстрада жұлдыздары Қарақат Әбілдина, Айгүл Иманбаева, Мөлдір Әуелбекова, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Ринат Мальцагов және Оқушылар сарайының жас өнерпаздары  қатысады.