фото: ria.ru
New York Post басылымының мәліметінше, 16 жастағы қыз құрбысымен бірге автокөлікке байланған шанамен сырғанап, ағашқа соғылып, қаза тапқан. Бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты тіркелген алғашқы қайғылы жағдай.
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
Осыған ұқсас оқиға Арканзас штатында да болған.17 жастағы жасөспірім дәл осындай жағдайда шанамен сырғанап жүріп, ағашқа соғылған.
Сондай-ақ Нью-Йорк штатында бірнеше адамның қаза тапқаны белгілі болды. Басылымның жазуынша, 60 жастағы ер адам шіркеу ауласында қар тазалау кезінде көз жұмған. Ал Пенсильвания штатында жастары 60 пен 84 аралығындағы үш адам қайтыс болған.
«Бұдан бөлек, Мэн штатының әуежайында ұшып көтерілу кезінде бизнес-джеттің апатқа ұшырауы салдарынан жеті адам қаза тапты», деп жазады басылым.
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді