Әлем • 09 Қазан, 2022
Әзербайжан мен Армения арағайындардың арқасында ортақ мәмілеге келді. Бұған дейін Таулы Қарабақ үшін қырқысып келген екі ел шекараны шегендеуге келісті. Талай жыл түйіні тарқамай келген мәселе шешілуге жақын деп айтуға негіз бар. Осылайша, Әзербайжан тарапы тарихи әділдікті қалпына келтірді.
Экономика • 09 Қазан, 2022
Азық-түлік молшылығын жасау қашанда маңызды. Ауыл шаруашылығының айдарынан жел естіруге қарымы қаптал жететін өңірде кәдеге аспай жатқан ішкі ресурс әлі де баршылық.
Қаржы • 09 Қазан, 2022
Мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) толтыру кезінде жіберілген қателіктердің салдары туралы Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді.
Қаржы • 09 Қазан, 2022
Биыл сауда-экономикалық қатынастардың қалыпты ырғағы бұзылды. Әсіресе Ресеймен тығыз экономикалық қатынастағы Қазақстан үшін күллі дүние назар аударып отырған соғыстың салдары ерекше. Осы орайда сауалдарымызға жауап берген отандық сақтандыру компаниялары геосаяси жағдайдың өз қызметтеріне қалай әсер еткенін баяндады.
Қоғам • 09 Қазан, 2022
Коронавирус пандемиясының салдары әлем елдерін экономикалық жағынан әжептәуір тұйыққа тірегені белгілі. Содан болар, оқшаулау шараларынан кейін әлеуметтік мәселелер, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері қоғам назарынан тыс қалғандай. Мәселен, кейінгі жылдары Жамбыл облысындағы дағдарыс орталығына зорлық-зомбылықтан араша іздеп баратын аналар күрт көбейген. Өкініштісі, ерімен араздасып ат құйрығын кесіскен арулардың дені – көпбалалы аналар.