Қоғам • 09 Қазан, 2022
– Қатын, тамағың дайын ба? Тағы да құр рожки қуырғансың ба? Анау көрші Мараттың келіншегін қарашы, пысық. Қашан өтсең де дәмді тамақ пісіріп жатады. Иісі мұрныңды жарады.– Күйеуі сен сияқты күні бойы диванда аяғын көкке көтеріп жатпай, таксист болып қосымша табыс табады. Сенің жүрісің мынау, не тұрақты жұмысың жоқ. Күнде араққа сылқия тойып келесің. – Жыныма тиме, әкеңнің... – Алло, полиция ма екен? Күйеуім қол көтерді...
Қоғам • 09 Қазан, 2022
«Бақытты отбасында» өзгеріс көп
«Бақытты отбасы» бағдарламасынан «толық емес отбасы» деген санат алынып тасталды. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында жеңілдетілген бағдарлама қатысушыларының санаттары қайта қаралды. Соның нәтижесінде осындай шешім қабылданған.
Медицина • 09 Қазан, 2022
Дәрігерге тексерілу – міндетің
Бүгінде күйзеліс көп. Теледидарды қоссаңыз да, ғаламторды ақтарсаңыз да атыс-шабыс, ұрыс-керіс туралы айтатындар мен көрсететіндер жетеді. Мамандар көргісі келмесе де бәрібір еститін осындай үрей туғызатын ақпарлар әлсіз адамды депрессияға ұшырататынын айтып дабыл қағып жатыр. Озбырлықтың түр-түрін насихаттап жатқандай көрінетін бағдарламалардың кері әсері, жаман жаңалықтардың салдары көбіне невроз ауруына шалдықтырады. Бұған жұртты үрейлендірген коронавирус та қосылды. Одан бөлек отбасылық проблемалар, несиелер, жанжалдар адамның жүйкесін жұқартады.
Медицина • 09 Қазан, 2022
Қарап отырсақ, аты алғашқыда аса қорқынышты болып естілмейтін кеселдер бар. Өкінішке қарай, жүре келе, яки аяқастынан ажал құштыратын да осы жасырын дерттер. Мәселен, обыр мен ЖИТС, немесе түрлі апаттарға қарағанда, жүре келе қанның ұюынан өмірімен қоштасатын адамдар көп. Нақты деректерге сүйенсек, тромбоэмболияның 25%-ы қайғы әкеледі. «Тромбоэмболия» деп отырғанымыз – аурудың аты емес, түбі инфаркт, инсульт сияқты ажал құштыратын қауіпті кеселдерді шақыратын ағзадағы ауытқу, қан тамырындағы кінәрат. Қан неліктен ұйиды?
Қазақстан • 09 Қазан, 2022
Сот-сараптамалық қызметінің жаңа мүмкіндігі
Еліміз үшін ең басты құндылық – адам және оның құқы. Әрине, құқық пен бостандықтың сақталуында ең алдымен әділет органдарының қызметі орасан зор. Әділеттілікті қамтамасыз етуге ұзақ ғасырлардан бері үлес қосып келе жатқан сот-сараптамалық қызметтің тарихы мен бүгініне тоқталсақ. Өйткені, тарих пен бүгінді тұтас қарамай қазіргі жетістігіміз бен кемшілігімізді салыстыру және ажырату мүмкін емес.