Волонтер • 04 Қазан, 2024
Волонтерлер слеті: Ізгілікке бастайтын ынтымақтастық
Астанада АӨСШК Жастар кеңесі аясында волонтерлер слеті өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығымен бірлесе АӨСШК Жастар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырған. Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Тайланд, Тәжікстан секілді 21 елден 450-ден аса делегат арнайы келді.
Салық • 04 Қазан, 2024
Салық кодексіне қойылатын талап
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді және салық жүйесі реформалаудың бірнеше кезеңінен өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономиканың тұрақты өсуі – салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты» деді.
Қоғам • 04 Қазан, 2024
Ясауи – ұлт руханиятының темірқазығы
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оның жұмысына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Парламент депутаттары, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, бауырлас түркі мемлекеттерінің мүфтилері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Үкімет • 04 Қазан, 2024
Сенаторлар Жоғарғы сот судьясының кандидатурасын қолдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Мемлекет басшысы ұсынған Жоғарғы сот судьясын сайлады және биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады.
Тағайындау • 04 Қазан, 2024
Марат Қожаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.