Руханият • 01 Қазан, 2019
«Бір пьесаның ізімен...»: ақиқат пен ақтаңдақ
Кеңес империясының қанды қасабына іліккен Алаш зиялыларының қилы тағдырлары тек қазақтың қабырғасына батпауы керек. Сталиндік репрессияның әр құрбаны – әлемдік трагедия. Бұл тұрғыда аталған тақырып әлі де «ашылмаған арал» деуге болады. Кейде шындықты шыңыраудан, ақиқатты аспаннан іздеудің қажеті жоқ. Тек тарихи оқиғаларға әділ баға беру әркімнің ар алдындағы бұлжымас парызы болса жеткілікті.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Солтүстік Қазақстан облысында астық биыл да бітік шықты. Әрине бұдан әлдеқайда бітік шыққан жылдар көп болған. Бірақ биыл жаздың ыстығынан дәннің қамырлылығы артып, сапасы жоғары болмақ.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Бір түйір дән далада қалмайды – дейді ақмолалық диқандар
Биылғы егін орағы біршама күрделі жағдайда өтіп жатыр. Оған ең басты себеп – жауын-шашынның шамадан тыс көптігі. Көктемгі тұқым себу науқаны да жылдағыдан кеш аяқталып, дән кеш пісті.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Қостанай егін шаруашылығы үшін тәуекелі көп өңірге жатады. Диқан қанша жер шұқығанмен, несібесін көктен күтеді, тамыр алған дәннің өнімі ылғалдың түсуіне байланысты. Шөлейт аймаққа жатқандықтан, мұнда бір жыл ылғал мол түссе, төрт жыл құрғақшылық болуы мүмкін. Ал биыл жердің аңқасын кептірген, танабын қуырған қуаңшылық болды.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Жүз миллионнан бір кездесетін егіздер
Жақында Орал қаласында әлемде сирек кездесетін ғажап оқиға болды. Батысқазақстандық дәрігерлер анасының қос жатырында екі бөлек бітіп, екі бөлек дамып жетілген шараналарды аман алып қалды.