Қоғам • 02 Қазан, 2022
Қазақ қай ісінің де қайырымы мен қайтарымын көргісі келетін ізгі де ілкімді халық. Көшпелі өмірінде замана көшінен қалмай бір малын екеу етіп, төрт тұяқтысының етін азық, жүнін киім, сүтін нәр етіп тіршілік кешті. Отбасына оймақтай пайда тигізбей ел кезіп, жалғыз атымен далақтап шапқан далабезерді «берекесіз» деді. Қоралы жанға қоныс болса да жыққанда бір атанға ғана жүк болар киізүйін жазда жайлауына, қыста қыстауына тігіп, түзде малын көбейтті, үйінде ұрпағын өрбітті. Яғни икемсіз іске күйінді, игілікті іске сүйінді.
Аймақтар • 02 Қазан, 2022
Шекарадағы ахуал: Мониторинг тобының жұмысы
Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон ахуалы мен Ресей Федерациясымен шекарадағы жағдайды жергілікті билік орындары мұқият назарда ұстап отыр.
Ахмет Байтұрсынұлы • 02 Қазан, 2022
Ахмет Байтұрсынұлы және мемлекетшілдік мүдде
Барды көркейту оңай, ең қиыны – жоқтан бар жасау. Тақыр жерге тау болып тұру, шөлсіз жерде өзен болып ағу шын мықтының ғана қолынан келмек. Алаш арыстары туралы ойласам, есіме туған жерімдегі Толағай тауы туралы аңыз түседі. Қуаңшылық келіп, жұт жайлаған елге Толағай Тарбағатайдың басын ақ қар басқан, орманы сыңсыған, жаңбыры үзілмейтін бір тауын көтеріп алып келеді. Тіскебасар қылтанақ, бір жұтым су қалмаған даладағы мал мен жан, осылайша, жұттан, ашаршылықтан аман қалыпты.
Білім • 02 Қазан, 2022
Бүгінде көпшілік ата-аналар жоғарғы сыныпта оқитын баласы үшін ҰБТ-ға сапалы даярлайтын қосымша білім беру орталықтарын жиі іздейді. Өйткені мектеп бітірушілердің қосымша даярлықсыз жоғары оқу орнына грантқа түсу мүмкіндіктері жылдан жылға азайып барады. Ал өңірлерде сапалы білім беретін әрі бағасы қолжетімді репетиторлық орталық табу тіпті қиын.
Білім • 02 Қазан, 2022
Мұнайлы Атырауда бірнеше жылдан мектеп түлектеріне облыс әкімінің білім гранты беріліп келеді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, биылғы грант өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында денсаулық, білім және басқа да маңызды салалар үшін бөлініп отыр. Білім грантын иелену үшін конкурсқа 231 талапкер өтініш берген.