Оқиға • 29 Қазан, 2020
Жауһар мұраға – жаңаша көзқарас
Ұлы ақын, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен «Абай мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Абай • 29 Қазан, 2020
Шайыр шашқан шапағат (Абай өлең арнаған Күленбай болыс кім?)
Ұлтымыздың тарихында әрбір әулеттің атадан балаға жалғасқан өз шежіресі бар. Қазақта ұрпақ жеті атасын білуі керек деген бұлжымас қағида орныққан. Биыл ұлы Абайдың 175 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтуде. Осы орайда Тобықтының Көкше руында Абайдың әкесі Құнанбаймен қатарлас өмір сүрген Бозанбай бай деген би болған. Құнанбай аға сұлтан болып тұрғанда Тобықты Көкше руын 5 старшынға бөлгені тарихи деректерден белгілі. 3-ші Бірет старшыны (Еспай-Жарылғап елі) Жанатай Жамантайұлы болса, билері Қаратай Сапақұлы, Бозанбай Жарылғапұлы секілді дала даналары болды.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Тау-тасты тасалап, жыңғыл-жыңғылдың арасында жүретін сілеусінді күре жолдың бойында кездестіріп қалу мүмкін емес-тұғын. Қасқыр-қарсақ арагідік адам көзіне түсіп қалғанымен, мысық тұқымдас бұл аң орманда саяқ жүреді.
Экология • 29 Қазан, 2020
Қоршаған ортаны қорғау заңнамалары қаралды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттарға Экологиялық кодекс жобасы жайында баяндама жасаған соң Ілеспе заң жобасы бойынша бірқатар кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде баяндады. Ілеспе заң жобасы шеңберінде Кәсіпкерлік, Қылмыстық, Орман, Су, Жер кодекстеріне, Рұқсаттар және хабарламалар туралы, Азаматтық қорғау туралы, Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік басқару туралы және Міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңдарға түзетулер енгізу көзделеді.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Онлайн оқу әсіресе ғаламтор желісі толық жетпеген елді мекендерде оңайға соғып тұрған жоқ. Оқу жылы бастала салысымен облыс орталығына таяу жердегі Ұлан ауданына қарасты Бестерек, Ізғұтты Айтықов ауылдарының студенттері мен оқушылары онлайн оқудан оқшауланып қалған.