Әдебиет • 25 Қазан, 2017
Данышпан Абай «Отыз алтыншы сөзінің» бастауында: «Пайғамбарымыз салалаһу һалайһи уәсәләмнің (құдайдың рақыметі жауғыр) хадис шарифінде (Пайғамбар туралы әңгімелер) айтыпты: «Мен лә хаяһүн уә лә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір мүшесі екен», депті. Шынында, ұят кеткен жерде иман болмайтыны анық. Имансыздан ибалық күту жөнсіздік.
Аймақтар • 25 Қазан, 2017
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Алтынсарин ауданының жаңа әкімі Ерлан Жамановты таныстырды.
Аймақтар • 25 Қазан, 2017
Қостанайда бір тәулікте он күннің нормасына тең қар жауды
Қара күзге ертерек болғанымен, облыстың біраз аудандарын аппақ қар басып қалды. Таңертең майдалап жауған қар, кешке қарай боранға ұласты. Алғашқы қарды еріп кетер деген үміт болған, бірақ тапталып, қалыңдай түсті.
Қазақстан • 25 Қазан, 2017
Қарап тұрсақ, бұл дүниеде қазақ көрмеген қасірет аз сияқты. Отырар ойранын, дербес Орда тіктеген дәуірлердегі қиғылық жылдарды айтпағанда, екі ғасырға созылған жоңғар шапқыншылығы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, қайың сауған нәубеттері, екі жарым ғасырдан астам дерлік орыс бодандығы – халқымыздың бүгінгі ақжолтай азат күндерге келер жолдағы бастан кешкен азабы, тартқан тақсырет-тауқыметінің қара жерден де ауыр екендігін айғақтайды.
Қазақстан • 25 Қазан, 2017
Астана процесі: Диалог – бейбітшілікке бастайтын жалғыз жол
Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі Астана процесі аясындағы жетінші халықаралық кездесудің үстіміздегі жылдың 30-31 қазаны күндері өтетіндігі және онда қаралатын мәселелер туралы газетіміздің өткен нөмірінде (№ 203. 23.10.2017 ж.) жазған болатынбыз.