Өнер • 05 Қазан, 2021
Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдарының қиылысында пайда болған, тарихы бай және мәдениеті дамыған Шымкентте өзгеріс көп. Әсіресе республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейінгі жылдары. Халқы көбейген, аумағы ұлғайған, құрылыс қарқынды. Ал мәдениеті... Иә, үшінші мегаполис тұрғындарының алғашқы екі миллионды қала халқынан ерекшелігі көп. «Болмыс – сананы анықтайды», яғни адам өзі тұрған жері мен ортасына ұқсайтынын айтушылар аз емес. Бұл орайда қала тұрғындарының мәдениеті жөнінде, әрине әңгіме бөлек. Мәдениет көзі – өнер тұрғысынан алсақ, мегаполис атына лайықты көптеген жұмыс атқарылуда.
Оқиға • 05 Қазан, 2021
Балалардың биіктен құлау дерегі жиіледі
Қазіргі кезде қоғамда қауіпті құбылыстар көп. Өкінішке қарай, кейде түрлі жағдайда балалар да зардап шегіп жатады. Баға жетпес байлығымыз болған бейкүнә жандар үшін бірінші кезекте ата-анасы жауапты. Алайда бүгінде олар да жұмыста болуына байланысты көп жағдайда балаларын үйде жалғыз қалдыруға мәжбүр.
Қазақстан • 05 Қазан, 2021
Пайдаланылмайтын оқ-дәрілер жойылады
Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов аппараттық кеңес өткізді, онда әскердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Әлем • 05 Қазан, 2021
Көпжақтылық принципін қайта жаңғырту қажет
МАДРИД. Былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы 193 мемлекеттің өкілдерінің бастарын қосып, бүкіләлемдік кеңес өткізді. Жиында айтылған пікірлер бірқатар маңызды фактінің бетін ашты. Биыл БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бұл пікірлерге ережелерге негізделген көпжақтылық принципіне қолдау көрсету арқылы жауап бермек.
Қазақстан • 05 Қазан, 2021
Комиссия құрылмаса, нәтиже қайдан болады?
Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық бағдарламасының іске асырылу сапасын қарады. Жұмыс тобы аймақтағы 2019-2021 жылдардағы жағдаймен танысты.