Парламент • 29 Қазан, 2020
Кодекс табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен өткен жалпы отырыста бірқатар заң жобасы мақұлданды. Атап айтқанда, депутаттар қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу мен басқарудың неғұрлым тиімді және айқын жүйесін құруға бағытталған Экологиялық кодекстің жобасын қарады.
Әлем • 29 Қазан, 2020
Судан мемлекеті Ніл өзеніне салынатын бөгет құрылысы туралы келіссөзді жалғастыратынын мәлімдеді. Осыған байланысты алдағы уақытта Мысыр және Эфиопия елдерімен келіссөз жүргізілмек.
Руханият • 29 Қазан, 2020
«Оралым менің, Оралым...» (Қасым Аманжоловтың Оралдағы жылдары)
Күздің қоңыр салқыны жан дүниеңді де тоңдырып жіберетіндей. Дүние мүлгіп бара жатқан секілді. Атыраудың да күзі осы секілді. Қайта Оралдың ну орманы күз келгенде ерте сарғайып, дүниені алтын түске айналдырып жібереді. Бірақ бұл сәтің де ұзаққа бармайды екен. Артынша-ақ қаланың іші қоңырқай тарта береді. Аспан да қою түсінен бір танбай, көпке дейін сазарып тұрып алады. Бүгін де сөйтіп тұр.
Футбол • 29 Қазан, 2020
Англия футболға реформа жасамақ
Бұл күндері әлем елдері пандемиядан кейін футбол қалай өзгереді және қалай өзгертеміз деген тақырыпта бас қатырып жүр. Ал Тұманды Альбион өкілдері бұл жағдайға аса қатты қинала қойған жоқ. Өйткені «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» клубтары ағылшын футболының құрылымына, яғни Премьер-лига бәсекелеріне өзгеріс енгізу туралы өз жобаларын ұсынып қойды.
Экономика • 29 Қазан, 2020
Жол картасы бойынша жұмыс қарқынды
Жазиралы Жаркент өңірінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 55 жоба қолға алынған. Соның бірі – Еңбекші орта мектебі. Іргетасы 35 жыл бұрын салынған білім ғимараты шатырынан еденіне дейін толықтай жаңартылуда.