Аймақтар • 05 Қазан, 2021
Жанашырлық – жақсы қасиет. Сол жанашырлық алдымен балаларға бағытталып жатса, тіпті жақсы. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің жайы назардан тыс қалмай, жүрек жылуына бөленуі көңіліңді көктемдей құлпыртады.
Қоғам • 05 Қазан, 2021
Жыл сайын елімізде 144 мың түлек мамандық алып шығады. Соның 8 700-і ғана құрылыс саласына тиесілі. Яғни түлектердің тек 6 пайызы құрылыстың қыр-сырын меңгереді. Бұл аз, әрине. Оның үстіне мемлекет даярлаған 8 700 кадрдың бәрі бірдей құрылыста жұмыс істемейді. Cол себепті бүгінде саладағы кадр тапшылығы 242 мың маманды құрап отыр. Тиісінше шығын да қомақты. Өзімізде жоқ кадрды сырттан алдыру үшін шамамен 468 млрд теңге жұмсалады.
Қоғам • 05 Қазан, 2021
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Дей тұрғанмен, кейбір қарияларымыздың сый-құрметке бөленбей, үй шаруасын жалғыз өзі атқарып жүргені қынжылтады.
Білім • 05 Қазан, 2021
Мемлекеттің қолдауы мерейімді өсірді
«Үздік педагог-2021» конкурсына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінгеніме дән ризамын. Маған сенім артқан, үкілеп топқа қосқан мектеп басшылығына, құжаттарымды әзірлеуге әдістемелік көмек көрсеткен Нұр-Сұлтан қалалық білім беруді жаңғырту орталығының мамандарына алғысымды білдіргім келеді. Үдеден шығып, үмітті ақтай алғаныма қуанамын.
Білім • 05 Қазан, 2021
Үлгілі мұғалім оқушы үлгерімін көтереді
Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдерге деген көзқарас та, құрмет те артып келеді. Жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңда педагогтердің жалақысын көтеру ғана емес, сонымен қатар оларды әртүрлі қоғамдық жұмыстарға жұмсамау, қағазбастылықтан арылту және мамандыққа қойылатын талаптарды күшейту мәселесі де қаралған.