Экология • 04 Қазан, 2021
Жолбарыс қалай жерсіндірілмек?
Ертеректе Көкше теңіз атаған Балқаш көлінің қамысты нуында жолбарыс жымы болғаны тарихтан белгілі. Өткен ғасырдың ортасына жетпей құрып біткен түз жыртқышы туралы көрнекті қазақ қаламгері Мұхтар Мағауиннің «Шақан шері» атты көркем шығармасы да оқырман қауымға кеңінен таныс. Міне, осы тарғыл аңның тұқымын қалпына келтіру туралы отандық жобаға халықаралық деңгейде көңіл бөлініп отыр.
Қоғам • 04 Қазан, 2021
Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов, облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина қалыптасып отырған жайдайды баяндап, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Қоғам • 04 Қазан, 2021
Бағаның өсуіне жол бермеу керек
Nur Otan партиясы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтылды. Аталған Кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Оспановтың айтуынша, Nur Otan партиясы өңірлерде азық-түлік қорларын қамтамасыз ету, тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу мәселелерін бұған дейін де бірнеше рет көтерген.
Технология • 04 Қазан, 2021
Роботтар жұмысымызды тартып ала ма?
Технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан ғасырда қандай да бір жаңашылдыққа таңғалудың өзі артық. Өткен ғасырдың соңында ата-анамызға мүмкін емес болып көрінген дүниелер бүгінде шындыққа айналды. Адамзат ақпараттық дәуірдің жемісін көрген шақта өмір сүріп жатқанымыз хақ. Жасанды интеллектінің жетістігін алдын ала болжау мүмкін болмаса да, бүгінгі даму бағытына қарап, алдағы елу жылдағы толық автоматтандырылған, технологиясыз бір қадам жасау қиын болатынын ішіміз сезеді.
Футбол • 04 Қазан, 2021
Футзалдан Балтық жағалауында орын тепкен Литва мемлекетінде өткен VIII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһан жанкүйерлерінің назарын өзіне аударған дүбірлі доп додасының бас жүлдесі үшін тартыс Аргентина мен Португалия арасында өрбісе, Бразилия мен Қазақстан құрамалары қола медаль үшін сайысқа түсті.