Саясат • 25 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бірқатар мүшесіне мемлекеттік марапат тапсырды.
Қоғам • 25 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Пікір • 25 Қазан, 2023
Бұл күн есімнен кетпейді. Елдің, Отанның қуанышы не екенін туған жерден шалғайда жүргендер жақсы біледі. Мәскеуде ғарышкерлер құрамында жүрген 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Төбем көкке жеткендей қуанғаным әлі есімде.
Пікір • 25 Қазан, 2023
25 қазан – ата-баба арманы орындалған күн. Бұл күн болашақ ұрпақтың өркендеуін қамтамасыз ете отырып, дербес әрі тәуелсіз даму жолын таңдаған бетбұрыс ретінде тарихта мәңгілікке қалады.
Әскер • 25 Қазан, 2023
Республика күніне орай Қорғаныс министрі үздік әскери қызметшілерді марапаттады. Салтанатты жиын елорданың Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында қорғаныс ведомствосы, Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері, әскери бөлімдер мен мекемелер, оқу орындары басшылық құрамының, әскери қызметшілердің, азаматтық персонал өкілдерінің және Қарулы Күштер ардагерлерінің қатысуымен өтті.