Әлем • 25 Қазан, 2024
АҚШ-та көк байрағымыз көкке көтерілді
Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстанның Мемлекеттік туы көкте желбіреді. Салтанатты іс-шара Нью-Йорктің танымал Уолл-Стрит көшесінде өткен.
Басылым • 25 Қазан, 2024
Басқа басылымдардан: Тәуелсіздік қадамдарына әлемдік көзқарас
Кеңес өкіметі тарап, құрамындағы бірқатар мемлекет егемендік ала бастағаны – шетел баспасөзінің басты тақырыбына айналды. Әсіресе мұны мұхиттың арғы жағындағы алпауыт АҚШ-тың белді басылымдары жарыса жазған. Мәселен, 1991 жылдың 26 желтоқсанында «New York Times» газеті «End of the soviet union; The Soviet State, Born of a Dream, Dies» атты көлемді мақала жариялады. Бұл сараптамада кеңес одағының ыдырауы, елдердің ендігі ахуалы, әр елдің әлеуеті секілді мәселелер көтерілген. Басты мысалы – Қазақстан. Сол жылдары шетелдік басылымдарда жарық көрген мақалаларда Қазақстанның кеңес одағынан мұраға қалған ядролық қаруы, одан бас тартудағы қадамдар, нарықтық экономикаға көшуі, энергетикалық қорлары, мемлекет құруға кіріскен кездегі оқиғалар қамтылған.
Халық • 25 Қазан, 2024
Демографиялық өсімнің алғышарты
Еліміз егемендік алғалы республикада 3 рет халық санағы жүрді. Ал егемендік декларациясы қабылданардан бір жыл бұрын, 1989 жылы кезекті санақ жүріп, онда халық саны 16,1 миллион деп тіркелген екен. Міне, осы 1989 жылдан бері соңғы санақ жүрген 2021 жылға дейін отандастарымыздың қатары 4 миллионға жуық адамға өсті.
Сұхбат • 25 Қазан, 2024
Жәнібек КӘРІБЖАНОВ: Республика күнінің маңызы уақыт өткен сайын арта береді
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов – 25 қазандағы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған күннің куәгері. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болған, кеңестік кезеңде де, тәуелсіздік жылдары да әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған тұлғаны сыр сұхбатқа шақырған едік.
Алматы • 25 Қазан, 2024
Алматының орталығында орналасқан мына бір ғимараттың ел тарихында алар орны бөлек. Азаттықтың алтын бесігіне баланатын ару шаһардағы дәл осы нысанда 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Жоғарғы кеңестің кеңсесі болған ғимарат – талай тарихи оқиғалардың шежіресі қатталған мекен. 1991 жылы «Тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң да осы жерде бекітілді. Астананы елордаға ауыстыру туралы шешім де осында қабылданды.