Президент • 26 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Талдықорған драма театрына барды
Президент облыс орталығындағы драма театрына есімі берілген Қазақ ССР Халық әртісі Бикен Римованың бюстіне гүл шоғын қойды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы театр ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты
Қазақстан спортшысы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қазан, 2023
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Президент Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Экс-депутат мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамалып, 7 жылға куәлігінен айрылады
Ақтөбеде сот экс-депутат Сәния Мұратоваға мас күйінде көлік жүргізгені үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Қарағанды облысында тұтас бір ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар ауылынан «Қарасан» анықталып, ауыл толық карантинге жабылды. Абай қаласының кіре берісіне бекет қойылып, санитарлық тексеру жұмыстары қатаң жүргізіліп жатыр. Ауылға Жартас жағынан кіретін екінші жол да жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.