Қазақстан • 25 Қазан, 2022
Егемендік Тәуелсіздік деген сөздің құқықтық синонимі десек болады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан егемендігін жариялады. Сол кезден бастап Тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды. Құжат декларация деп аталғанымен, заңдық күшке ие болды. Бұл маңызды құжат бізге көптеген мүмкіндік берді.
Қазақстан • 24 Қазан, 2022
Республика. Бұл – латынның «ортақ іс», Алаштың «жұрт ісі» деген ұғымының баламасы.1990 жыл 25 қазан. Біріміз ойда, біріміз қырда жүрдік. Үшіншіміз яки сол кезде әлемге жасындай танылған қазақ – Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан қара жерге абыроймен түскеніне он-ақ күн болған еді.
Қазақстан • 24 Қазан, 2022
Академик Зиманов және егемендік декларациясы
Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», деп атап көрсетті.Парламент Республика күнін ұлттық мерекелер тізбесіне енгізіп, оған Президент қол қойды. «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация» оңайлықпен қабылданған жоқ. Оның жобасын даярлау жөніндегі комиссияны қазақ заңгерлерінің патриархы, академик-депутат Салық Зиманов басқарды. Біз бүгін отандық заңнамаға берік іргетас болып қаланған осы тарихи құжаттың қабылдануы жөнінде нақты мұрағаттық негізде жазылған мақаланы оқырман назарына ұсынамыз. Редакция
Пікір • 24 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республика күнін қайта жаңғыртып, ұлттық мереке ретінде бекітуі жаңа Қазақстан құру жолында маңызды және тарихи шешім болды.
Әлем • 24 Қазан, 2022
Әлеуетіміз – ертеңіміздің кепілі
Бүгінде біз ірі мемлекеттер арасындағы геосаяси күрестің шиеленісуіне куә болған жайымыз бар. Әлемдік экономикада жаһанданудан гөрі, кері серпілу сипаттары байқалып отыр. Бұл бүкіл жаһандық тасымал тізбегіндегі елеулі ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар ақпараттық технологияны өнеркәсіпке кеңінен енгізу және ескірген өндірістен бас тарту технологиялық құрылымда түбегейлі өзгерістерге әкеліп соқтыруы ықтимал. Сондықтан осы факторлардың барлығы Қазақстанда әрі қарай жаңғырту мен құрылымдық реформаларды жүргізуді қажет етеді.