Қоғам • 25 Қазан, 2019
Кеше мен бір ерлік жасадым. Кешке қарай жарты сағат таза ауада жүретін әдетім бар еді. Көшені жағалап келе жатыр едім, бір әйел адам асыға адымдап, мені басып озды. Ол біраз ұзағаннан кейін сәл тоқтап, телефонымен жүре сөйлесіп кете барды.
Экономика • 25 Қазан, 2019
Кәсіпкерлікке тың өріс: Елордалық кәсіпорындар мемлекеттен қолдау алуда
Жуырда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы бірқатар кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды. Аталған қор «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көптеген кәсіпкерлік нысандарының қанатын кеңге жаюына қол ұшын созып келеді. Соның бірі «Үміт» Томотерапия және ядролық медицина аурухана кешені» ЖШС-і базасында «Емдеу-диагностикалық радиотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені» жобасы жүзеге асырылған екен.
Экономика • 25 Қазан, 2019
Темір жолда бәсекелестікті дамыту не үшін керек?
Еуразия кеңістігіндегі ұлан-байтақ аумақты алып жатқан Қазақстан үшін темір жол қызметінің маңызы зор. Темір жолымыздың жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асады. Сондықтан оны ел экономикасының күретамыры деп айтсақ та болады. Өйткені жүктің 70 пайызы, жолаушылардың 60 пайызы темір жол арқылы тасымалданады. Мұнай мен көмірге, металл кендеріне, астыққа бай еліміз бұл мол қазынаны тасымалдағанда, экспортқа шығарғанда көбіне темір жол қызметіне жүгінеді. Сондықтан бұл салада реформа жасағанда он ойланып, жүз толғанып барып шешім қабылдаған жөн.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Жақында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бірлесіп, «Ұлы даланың ұлы есімдері: идеялар мен тағдырлар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда айқындалғанымен, өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігіне айнала алды ма? Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолындағы әрбір қазақстандықтың рөлі қандай? Еліміздің түкпір-түкпірінен тұңғыш тіл форумына жиналған жұртшылық қазақ тілі мен әліпбиі төңірегіндегі осындай сан сауалға жауап іздей отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқыға салды.