Тағзым • 24 Қазан, 2024
Өзбекстандағы Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық және қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі ашылды.
Сұхбат • 24 Қазан, 2024
«Өңірлік ғылымды өркендету қажет»
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ғылыми бағытқа бет бұрды. Енді оқу орнында шетел университетінің филиалы ашылады. Аграрлық өңірге қажет болашақ жас мамандар енді Италияда білімін шыңдай алады. Осы ретте біз аталған оқу орнының ректоры Ермек Бөрібаевпен әңгімелескен едік.
Зерде • 24 Қазан, 2024
Батыста кітап оқу мәдениеті тоқыраған емес, биік талғам төмен құлдилаған жоқ. Қазақ қоғамы жалпы жазушы қауымын көп тани бермейді. Өйткені рухани құндылықтар ауысып кетті. Қазіргі жалпақ жұрттың ең сүйіктілері шоу бизнесте жүрген топ болар. Қит етсе соларды айтады, солардан аспайды. Бірақ өмірдің өз заңдылығы бар. Әдебиет – ғасырлармен өлшенетін құдірет. Мықты ақын-жазушылар, суретшілер, өнер қонған дарындардың рухы өлмейді. Өмірден озғанымен, шығармашылық асыл мұрасы артында қалады.
Аймақтар • 24 Қазан, 2024
Қызылордада қараңғыны жамылып қылмысқа баратындар қатары жыл санап азайып келеді. Бұл – көшелерде орналасқан бақылау камераларының септігі. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, жыл басынан бейнекамералар көмегімен 122 қылмыс ашылыпты.
Әдебиет • 24 Қазан, 2024
Бабалар тарихының алтын парағы
Осы уақытқа дейін Жошы хан туралы әртүрлі дүниелерді оқып келдік. «Ақсақ құлан – Жошы хан» туралы аңыз бен күй құлағымызға бала күнімізден сіңді. Тіпті мультфильмнен көріп өстік. Ол кезде бір түсті қара сұр экран болса да ұлттық құндылықтар молырақ сияқты еді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан – Жошы хан» секілді мультфильмдер тамашалайтынбыз. Қазір бұлардың исі де жоқ. Мүмкін дәл сол уақытта телміретін басқа дүние болмады. Айтпағымыз ол да емес, Жошы хан еді ғой.