Экология • 28 Қазан, 2020
Қоршаған ортаны қорғау ісінде сылбырлық басым
Табиғаттты қорғау – тіршіліктің кепілі. Маңғыстауда бұл бағытта табиғат жанашырлары тарапынан игі шаралар қолға алынғанымен, қарақшылық, қатыгездік және табиғатты аяусыз бүлдіру мәселелері де орын алуда. Мұнайлы өңірдегі арнайы қамқорлықты, қолдауды қажет ететін Қаракөл көлі туралы айтылар нәрсе аз емес.
Әлем • 28 Қазан, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті екені сөзсіз. Бұған дейінгі нөмірімізде Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молинаның бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы мақаласын жариялаған едік. Онда автор Арктиканың еруін жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған «бомбаға» теңеп, Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын «бомбаның» жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай әсер қалдырады деп ой түйіндеген еді. М.Молинаның мақаласының жалғасы іспетті бүгін Арктика мәселесіне қатысты екінші мақаланы ұсынып отырмыз. Швецияның премьер-министрі қызметін атқарған Карл Билдт өз мақаласында Арктика мұзының еруі аймақтағы ахуалды күрделендіре түсетіні туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, мәңгілік мұз жабынының жойылуымен мұндағы мол ресурстарға талас басталуы әбден мүмкін. Біріншіден, Арктиканың астында қазба-байлық көп. Қазіргі таңда бұл өңірге Арктика Кеңесіне мүше 8 мемлекет иелік етсе, келешекте Солтүстік полюске қызығатындар саны артпаса, кемімейді. К.Билдттің пайымдауынша, екінші мәселе – Арктика арқылы өтетін теңіз жолының қысқалығы да маңызға ие. Бұл да келешекте дауға айналуы мүмкін.
Спорт • 28 Қазан, 2020
Бұған дейін хабарлағандай, өткен аптаның демалыс күндері Дүниежүзілік дзюдо күрес федерациясының (IJF) шешімімен жылда болатын дәстүрлі «Үлкен Дулыға» турнирі Мажарстан астанасы Будапешт қаласында жоғары дейгейде ұйымдастырылды.
Бокс • 28 Қазан, 2020
Қазақ бокс спорты тарихында бір отбасынан шыққан ағайынды спортшылар көп емес. Олардың басында ағайынды Махмұт және Мақсұт Омаровтар тұрғаны анық. Бұлардың бапкері – қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы. Ағайындылардың үлкені – Махмұт Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанумен қатар, 1947 жылы КСРО чемпионатының қола, Бүкілодақтық «Динамо» ерікті спорт қоғамы біріншілігінің күміс жүлдегері атанса, інісі Мақсұт 1957 жылы күллі Одақ чемпионатында қола медальға қол жеткізіп, 1959 жылы өткен КСРО Халықтары спартакиадасында күміс жүлдеге ие болды. Ал біз бұл жолы ағайынды боксшылар Мерей және Мейірім Ақшаловтар жайлы сөз қозғамақпыз.
Театр • 28 Қазан, 2020
Әлемді жайлаған індет өнер ошақтарының қалыпты жұмыс тәртібін біраз тежеді. Соның салдарынан да күз түссе есігін айқара ашып, ду-ду думанға бөленіп, шығармашылық ізденістері қызу талқыға түсіп жататын театрлар биыл жаңа маусым жұмысын әдеттегіден кешігіп бастады. Карантин тәртібін қатаң сақтап, санаулы ғана көрерменге төр ұсынса да, өздерінің шығармашылық бабын жоғалтпаған өнер ұжымдары қашан да өз биігінде. Елордалық Жастар театрының бас шаһар көрермендеріне тарту еткен маусымашар қойылымы – Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловскийдің шығармашылық тандемінен туған «Жібек» мюзиклі режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың сахналауында өнерді сағынып келген көрерменге тамаша сый болғаны анық.