Ауыл • 24 Қазан, 2018
Тылсым табиғаттың адамды өзіне баурап алатын ерекше қасиеті бар. Көркіне көзің тоймайтын мөлдір бұлағы, самсаған бұйра қою қарағайы, қолмен қойып қойғандай тарғыл тау-тасы, жібектей есіп жаныңды жадыратар самал желі, аспанмен таласқан асқар тауы, тау жотасында күнмен шағылысып жатқан аппақ қары адамның жанын жадыратып, бойына күш- қуат беретін жер жәннаты – Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі Риддер қаласының төңірегіндегі «Батыс Алтай» мемлекеттік табиғи қорығы.
Руханият • 24 Қазан, 2018
Бас прокуратурада республиканың жоғары қадағалау органын 18 жыл басқарған Өтеген Сейітовтің 95 жылдығына арналып «Прокурорлық қадағалау: тарихы, қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Әлем • 24 Қазан, 2018
Италияда эскалатор істен шығып, 30-ға жуық адам зардап шекті
Рим қаласының метросында эскалатордың істен шығуынан 30-ға жуық адам зардап шекті: жетеуі ауыр жағдайда, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Руханият • 24 Қазан, 2018
Ұрпақтарың ұмытпайды өзіңді...
Биылғы жылы мамыр айында Түркістан облысының Қазығұрт ауданына жолым түсті. Жол түсудің өзіндік себебі де жоқ емес. Қазақы ұғымға салып айтсақ, бұл қасиетті мекен қайын жұртым ғой. Сондықтан бұрын да талай рет ат басын бұрғанмын. Ал бұл жолғы келуімнің орны бөлек. Отыз жыл өмірсерігім болған, жан жарым Бейсенкүл Санабайқызының қайтпас сапарға аттанғанына үстіміздегі жылдың желтоқсан айында он жыл толады. Осыған байланысты аяулы жарымның туған-туыс, жора-жолдастарымен, алыс-жақын ағайындарымен жүздесіп, рухына Құран бағыштауды ойластырған едім.
Руханият • 24 Қазан, 2018
Елін сүйген ердің даңқы асқақтады
Петропавлдың Астана жақтан кіреберіс қақпасына Қожаберген жырау Толыбайұлының алып ескерткіші орнап, халық көптен күткен қуанышқа кенеліп, дүр сілкініп қалды. Рухани жаңғыру аясында іске асқан бұл шара қызылжарлықтардың еңсесін көтере түсуіне ықпалын тигізері сөзсіз.