Денсаулық • 23 Қазан, 2023
Алдағы екі жылда Атырау облысында медициналық нысандар қатары көбейеді. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметі бойынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсартуға жаңадан 37 нысан салынады.
Айбын • 23 Қазан, 2023
Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекер айтпаған. Жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Кейде біз жанымызда жүрген жақсы адамдардың іскерлік қасиетін бағалай алмай жатамыз. Біріміз оның істеп жатқан жұмысына іштей сүйсінсек, енді біреулер оны мойындағысы келмейді.
Тағзым • 23 Қазан, 2023
«Дала академигі» атанып, елінің абыройын аспанға көтерген алып тұлға Нұрмолда Алдабергеновтің халқына көрсеткен қызметі қыруар. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында омырауына қос «Алтын Жұлдыз» тақты, қазақ қаламгерлерімен үзеңгілес дос-жаран болды. Қонаевтың сеніміне ие болып, аядай ауылын әлемге танытты. Сол еңбек батырының ерлігін ұлықтаған жерлестері Талдықорған төріне ескерткіш бюст орнатты.
Әдебиет • 23 Қазан, 2023
«Көркемсөз – жанның сәулесі» деген екен ұлы суреткер. Бұл оның терең танымы, берік ұстанымы болатын. Ұзақ ғұмырында жазушының қаламынан туындап, қалың оқырманының сүйіспеншілігіне бөленген шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға өтіп, сән-салтанаты мол салқар көшін болашаққа қарай апара жатыр.
Тұлға • 23 Қазан, 2023
Әдеби дәстүрсіз әдебиет дамымайды. Қазіргі көркемсөз өнері қаншалықты еркіндік алды дегенмен, өткеннің бай тәжірибесін бойына сіңірмей өспейді. Бүгінгі проза жөнінде де осыны айтуға болады. Ж.Аймауытұлын, М.Әуезовті, Б.Майлинді, Ғ.Мүсіреповті игермей, өрелі проза өрге баспас еді. Алыптар тобынан соң бұл қатарда соғыс жылдарынан кейін әдебиетке келген өзге қаламдастармен бірге Тахауи Ахтанов бар. Бүгінде 100 жылдығы аталып отырған ол көркемдік әлемін қалыптастырған қарымды прозаик, шебер драматург, өткір ойлы сыншы болды. Алыптар дәстүріне сай әдебиеттің барлық жанрында аянбай еңбек етіп, шығармашылықтағы адалдықты ту қылып ұстанды.