Әдебиет • 23 Қазан, 2023

Ғабең әлеміне саяхат

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көркемсөз – жанның сәулесі» деген екен ұлы суреткер. Бұл оның терең танымы, берік ұстанымы болатын. Ұзақ ғұмырында жазушының қаламынан туындап, қалың оқырманының сүйіспеншілігіне бөленген шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға өтіп, сән-салтанаты мол салқар көшін болашаққа қарай апара жатыр.

Ғабең әлеміне саяхат

Ғ.Мүсіреповтің музей-үйінде сөз зер­герінің өмірі мен шығарма­шылығының айшықты кезеңдерін, айтулы еңбектерін, ұлт әдебиетіне қосқан зор үлесін, тағы­лымы мен өнегесін қамтитын «Ғабит Мүсірепов кім?» атты жаңа кітаптың таныс­тырылымы болды. Кітап авторы – ақын, ғалым, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков. Туынды «Маз­мұндама» баспасынан 2000 дана болып шықты.

Кітап таныстырылымында Қазақ­стан Жазушылар одағы басқарма төр­ағасының орынбасары, ақын, ғалым Бауыржан Жақып, «Мазмұндама» баспасының бас директоры Шыңғыс Мұқан, жазушының қызы Гүлнәр Мү­сі­репова, М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нұр­дәулет Ақыш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Еркін Шү­кі­ман, Абай атындағы ҚазҰПУ филология институтының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ерлан Қасен, Алматы музейінің же­текшісі Бақберген Тайшеев, Қонаев музейінің жетекшісі Елена Құбашева, Ғ.Мү­сірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның мұғалімі Бо­тагөз Дос­қазиева, музей кешенінің же­текшісі Анар Көшербаева ой-пікір­лерімен бөлісті. Кеш қонақтарына және Ғ.Мү­сірепов атындағы мектеп-гим­назияның озат оқушыларына «Ғабит Мү­сірепов кім?» кітабы сыйға тартылды.

 

Назгүл АЛТАЕВА,

Алматыдағы С.Мұқанов пен

Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық

музей кешенінің бөлім меңгерушісі