Медицина • 27 Қазан, 2021
Денсаулықты күтуге дағдыланбағанымызды көрсетті
«Өмірде ерлерге қарағанда, әйел адамдар денсаулығына дұрыс қарайды, дәрігерлерге жиі тексеріліп тұрады» деген түсінік қалыптасқан. Өйткені қыз-келіншектерде жауапкершілік жоғары, бір жағынан аяғы ауыр кезде ұдайы дәрігерлер бақылауында болып, тексеріліп жатады. Әйтсе де бала босанатын жастан асып кеткендер мен жас қыздардың денсаулығы қалай екен?
Медицина • 27 Қазан, 2021
Әр бесінші науқас дәрігерге дерті асқынғанда келеді
Бүгінде Алматының онкологиялық орталығында 27 мыңнан астам науқас есепте тұр. Бірақ бұл көрсеткіштің жыл сайын өсіп жатқанынан шошынудың қажеті жоқ. Яғни қатерлі ісікпен сырқаттанғандарды дер кезінде анықтау ісі жақсарып келеді және уақтылы тағайындалған ем-дом пациенттердің өмірін ұзарта алады.
Қоғам • 27 Қазан, 2021
Қызыл төлқұжатты «қимай» жүргендер бар екен
Елімізде мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтарды анықтау бойынша акция жүріп жатыр. Акция аясында республика бойынша 6 мыңнан аса құжатсыз жүрген азамат анықталып, олардың көпшілігіне өздеріне тиісті жеке басын куәландыратын құжат табысталған. Бұл туралы Қызылордадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев мәлімдеді.
Қазақстан • 27 Қазан, 2021
Ең бастысы – азаматтардың сенімі
Сот және құқық жүйесіндегі реформалардың баяу жүргізілуі оның әрдайым кейбір құрылымдық өзгерістермен шектелуінде. Олардың қоғам дамуынан қалып қоюы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен елдің экономикалық дамуына кері әсер етті. Ол мемлекеттің беделін түсірді. Сондықтан Президент Қ.Тоқаев құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі ретінде ашық және әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру мәселесін көтерді.
Елорда • 27 Қазан, 2021
Қойшыбековтің қолында – «Алтын Гефест»
Нұр-Сұлтан қаласында өткен Astana Mining & Metallurgy-AMM 2021 халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінде жезқазғандық металлург Нұржан Қойшыбековке «Алтын Гефест» сыйлығы берілді.