Қазақстан • 20 Қазан, 2017
Елімізде жүк тасымалына отандық вагондар тартылады
Инвестициялар және даму министрлігінің медиа орталығында жүктер мен жолаушылар тасымалын вагондармен қамтамасыз етуде атқарылған шаралар тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов астық тасымалына қосымша 1 мың вагонды Ресейден тарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Қазақстан • 20 Қазан, 2017
Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі-2017» атты конференция басталды
Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі-2017» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған форумға 18 елдің ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдарының өкілдері, танымал ғалымдар, ғарыш технологиясы саласындағы әлемнің жетекші компанияларының мамандары қатысуда.
Қазақстан • 20 Қазан, 2017
Күз солтүстікқазақстандық спортшылар үшін өте табысты маусым болды. «Надежда» әуесқойлар клубының мүшесі Әскер Қожанов Астана қаласында өткен «Self Transcendence – өзіңді-өзің бағындыру» ультрамарафонында 70-ке жуық желаяқты шаң қаптырып, 204 шақырымдық қашықтықта алдына жан салмады.
Футбол • 20 Қазан, 2017
Қазақ ұланы доп тебе алмай жүр. Неге?
Футболдан ұлттық құрамамыз үшін 2018 жылы іргеміздегі Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аса абыройсыз аяқталды. Топтағы қарсыластармен он ойыннан бар-жоғы үш-ақ ұпай иелендік. Өз алаңымыздағы бес кездесудің үшеуін тең аяқтап, екеуінде дырдай болып ұтылдық. Сырт алаңдардағы матчтардың бесеуінде де қарсыластарымызға еш қауқар таныта алмадық. Он ойында өз қақпамызға топырлатып 26 доп жіберіп, 6-ақ доп соғуға шамамыз жетті. Бұл әлем, Еуропа чемпионаттарына жолдама үшін таластағы ең дәрменсіздік танытқан турнирлеріміздің бірі болды.
Әдебиет • 20 Қазан, 2017
Ескірмейтін шығармалар қайталап оқылады
Соңғы уақытта қазақ жазушыларын қайталап оқуға ден қойдым. Төлен Әбдік жетпіс бес жасқа келді дегенде, кітаптарын қайта парақтап шықтым. Жақында ғана «Парасат майданын» оқыдым.