Қаржы • 23 Қазан, 2024
Бес картасы бар адамдар бақыланады
Бұдан былай меншігінде екінші деңгейлі банктердің 5 картасы бар азаматтар бақылауға алынады. «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелмеген биржаларға төлем жасайтын болса, осы карталар арқылы жүргізілген операциялар тексеріледі. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталы талқылауға шығарылған құжатта жазылған.
Пікір • 23 Қазан, 2024
Ұлттық құрылтай – елдік мінбері
Республика күні өткенімізге саяси баға беріп, болашағымызға нақты бағдар жасайтын мерекеге айналуға тиіс. Тәуелсіз ел болуымыздың алғашқы қадамы жасалған қасиетті күннің қадірін арттырудың төте жолы – осы. Бұл орайда саяси идеологиямызды қалыптастыратын Ұлттық құрылтайлардың міндетіне де кеңірек тоқталу қажеттігі байқалады.
Сараптама • 23 Қазан, 2024
KASE «Мосбиржа» құпиясын аша ала ма?
Өткен аптаның соңында Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы (МОЕХ) арасындағы ұзаққа созылған келіссөздердің соңғы нүктесі қойылды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Мәскеу биржасын Қазақстан қор биржасы (KASE) акционерлерінің құрамынан шығару туралы түбегейлі шешімді қос тарап та (Қазақстан мен Ресей) қолдады.
Қоғам • 23 Қазан, 2024
Халық ресми органдар жұмысына қанағаттана ма?
Биыл Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздегі мемлекеттік қызметтердің сапасы жөнінде сауалнама жүргізіп, халыққа қызмет көрсететін ресми мекемелердің жұмысында ілгерілеу бар екенін мәлімдеді.
Экономика • 23 Қазан, 2024
Экономиканы тежейтін факторлар
Экономика тұрақты дамып, инфляция біртіндеп төмендеп келеді. Ішкі жалпы өнім өсімі келер жылы 5%-ға жетпек. Бұған мұнай өндіру көлемінің өсуі тікелей әсер етпек. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) еліміздегі миссиясы мәлімдеді.