Ауыл • 22 Қазан, 2023
Көгершіндіктер көп күткен клуб
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл облысында қолға алынған жұмыстың ауқымы зор. Мәселен, биыл 98 елді мекенде 301 жобаны жүзеге асыру мақсатында 15,7 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен 56 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған еді.
Сұхбат • 22 Қазан, 2023
Серік Тоқпанов: Медициналық оқу орнында ақылы бөлім болмау керек
Халқымыз бойына сан түрлі өнер тоғысқан адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтады. Дәл осы сөз айшығын бүгінгі кейіпкерімізге қаратып айтуға болады. Ол – талай жанды ажалдан арашалап қалған «қолы жеңіл» хирург, отандық медицина ғылымында өз орны бар айтулы ғалым, асқақ дауысымен атағы жер жарған кәсіби өнерпаздардың өзімен иықтасып тұратын талантты әнші. Ең бастысы, елге адал қызмет еткен ардақты азамат. Біз осы жолы жоғары санатты дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов ағамыздың жансарайына үңіліп, әңгіме өрбіттік.
Алматы • 22 Қазан, 2023
Алматыдағы «Балдырған» аллеясы
Мизамшуақ мезгілге шомылып тұрған мегаполисте Республика күні мерекесі қарсаңында эко-белсенділердің мұрындық болуымен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік қана өткізіліп қоймай, күзгі көшеттер отырғызылды.
Аймақтар • 22 Қазан, 2023
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Өлеңті ауылында су жаңа дәрігерлік нысан – фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, пайдалануға берілді. Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 2025 жылға дейін 50 денсаулық нысаны салынбақ.
Бокс • 22 Қазан, 2023
Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бір аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесіне Азия аймағының 23 елінен келген 500-ге жуық жас спортшы шаршы алаңның көрігін қыздырады.