Кәсіпқой бокс • 31 Қазан, 2022
Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі өтеді
Абылайхан Жүсіпов 5 қарашада Миннеаполисте шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қазан, 2022
Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?
Мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір – Түркістан облысының шаруалары бүгінде баға мәселесін жиі көтеріп, наразылықтарын білдіруде. Алдын ала айта кетелік, мақташылар көтерген мәселе жергілікті билікке мәлім және облыс әкімі тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатыр.
Саясат • 31 Қазан, 2022
Қазақстан-Германия: маңызды жобалар
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен келіссөз жүргізді. Жиын барысында екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қазіргі жай-күйі мен оларды тереңдету мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша уағдаластық жасалды.
Экономика • 31 Қазан, 2022
БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының есебіне сүйенсек, 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында азық-түлік индексі шамамен 40 пайызға көтерілген. Яғни аграрлық сала болашақтың мұнайына айналады. Ал азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан Қазақстанда «әрі тартса өгіз өледі, бері тартса арба сынады» деген күйді кешіп жүрген әрбір фермерге ескерткіш тұрғызуға болады. Бұл – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ербол Есенеевтің пікірі.
Экономика • 31 Қазан, 2022
Дағдарысқа қарамастан құрылыс саласы ел экономикасының басты өрге сүйреуші күші болып қала береді. Жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызы және нақты сектор кәсіпорындарының 42 пайызы дәл осы құрылыс саласында жұмыс істейді.