![Сеулдегі Хэллоуин кешінде қаза тапқандар саны 154 адамға жетті](/media/2022/10/30/1827844104_0_1_1280_721_1920x0_80_0_0_c53bde9ccd5f3636fbf9c40650906e7b.jpg)
«Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 154 адамға жетті», делінген агенттік хабарламасында.
153 адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болғандардың қатарында 14 елден 26 шетелдік бар.
Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы да болғаны хабарланған еді.
Құрбан болған 154 адамның 98-і әйел адамдар. тағы 56-сы ер адамдар. Сондай-ақ 133 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Полицейлердің айтуынша, құрбан болғандардың саны артуы мүмкін.
Соңғы деректерге қарағанда оқиға орын алған Итэвон ауданында 100 мыңға жуық адам болған.