Қазақстан • 29 Қараша, 2021
Тоғызыншы территория: Төрт құбыласы шегенделді
Жер – кез келген елдің байлығы, ал заңды түрде белгіленген территория, шегенделген шекара – тәуелсіз мемлекеттің басты белгісі. Егемендіктің елең-алаң шағында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең бірінші шекара мәселесін шешуге ерекше маңыз беруінің мәні осында жатыр. Себебі түсіне білген жанға айналамыздағы елдермен ешбір соғыссыз, бейбіт түрде мемлекеттік шекарамызды заңды түрде, біржола бекіту – үлкен жетістік.
Саясат • 29 Қараша, 2021
ТЕЛЬ-АВИВ. Демократиялық дәстүрі қалыптасып үлгермеген немесе мүлде жоқ пост-колониялы елдер қатыгез диктаторлық режімнен құтылғаннан кейін демократиялы мемлекетке айналып кетуі екіталай. Оның орнына елде саяси хаос орнап, шетелдік мүдделер стратегиялық артықшылық үшін күресіп, қақтығысады. Мәселен, Ирак Саддам Хусейн құлағаннан кейін, Ливия Муаммар әл-Каддафи биліктен кеткеннен кейін осындай жағдайға тап болды. Енді Суданды да осындай тағдыр күтіп тұр ма?
Президент • 29 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сұхбат • 29 Қараша, 2021
Тұңғыш Президентіміздің тағдырына ең қиын кезең тура келді
– Бибігүл Ахметқызы, бір ғажабы, 16 желтоқсанда сіз қос бірдей қуанышты – өзіңіздің және Тәуелсіздіктің туған күнін қатар атап өтеді екенсіз. Жетімдікті, аштық пен соғысты көрген сіз үшін бұл қастерлі күннің бағасы меншікті мерекеңіздің қуанышымен қосылғанда арта түсетіні белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардың ақеділ шаттығы мен қиындығына алдымен өздеріңіз куә болдыңыздар, сондықтан сіз айтатын естелік те ерекше болуы тиіс...
Саясат • 29 Қараша, 2021
Иран мен Америка Құрама Штаттарының Иранның уранды игеруіне қатысты келіссөздері 29 қарашада қайта басталады деп жоспарланып отыр. Тараптар іс барысының бұлай өрбігенін құптайды. Бірақ соған қарамастан, келіссөздердің сәтті болуы екіталай екенін есте ұстаған жөн. Тіпті уағдаластыққа қол жеткізген күннің өзінде де, кез келген келісім Иранның аймақтық басымдыққа немесе ядролық қаруға ұмтылуына тосқауыл бола алмайды.