Аймақтар • 20 Қараша, 2019
Қарауылтөбеге табиғи газ жетті
Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылы табиғи газға қосылды. «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының 33 млн теңге болатын инвестициялық жобасының нәтижесінде ауылдағы 300 үй көгілдір отын игілігін көре бастайды.
100 • 20 Қараша, 2019
Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетіне студент кезімде 1987 жылы келген едім. Осы басылымда 7 жылға жуық еңбек етіп, бүгінде қызмет бабымен дипломатия саласына ауысып кеткеніме ширек ғасырдан асса да, әлі күнге ұлттық журналистиканың маңдайалды басылымы «Егемен Қазақстан» десе елең етіп, жан дүнием елжіреп сала береді. Өйткені бас басылымда ересек өмірге қадам басқандағы алғашқы еңбек жолым басталып, осында жинаған тәжірибем мен үшін үлкен мектеп болды.
100 • 20 Қараша, 2019
Тоқсаныншы жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінде «Нүриден Мүфтахов» деген атпен фельетон жазатын әріптес ағамыз бір күні «Нүри Мүфтах» деген авторлық қолтаңбамен газет бетінде жарқ ете қалды. Оған сол кездегі өзгерістер ықпал етті. Газеттің аты да «Егеменді Қазақстан» болып өзгерді. Оның бас редакторы Шерхан Мұртазаев та ата-тегінен «ев» жұрнағын алып тастады. Басқа журналистер де сол үлгіге көшті.
Спорт • 20 Қараша, 2019
АСА жұлдыздары Алатау баурайында айқасады
Жекпе-жек десе делебесі қозып, қаны қыз-қыз қайнайтын қазақ жанкүйерлерінің айызы қанатын күн жақын. Атап айтсақ, 29 қарашада Алатаудың етегін жайлаған әсем шаһардағы «Алматы Арена» деп аталатын зәулім спорт кешенінде АСА 102 турнирі өтеді. Штаб-пәтері Чешенстанның астанасы Грозныйда орналасқан айтулы ұйым және қазақстандық «Алаш Прайд» компаниясының мұрындық болуымен өтетін дүбірлі додада әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді спортшылар бақ сынайды.
Руханият • 20 Қараша, 2019
Роза Отынбаева: Алматыны Бішкектен бөліп-жарып қарағым келмейді
Өткен аптаның екінші жартысынан бастап Алматының саяси-экономикалық өмірі дүниежүзілік маңызы бар саяси оқиғаларға толы болды. Әуелі БҰҰ-ның ғимаратында Батыс елдері мен Еуропадан келген сарапшылар гендерлік мәселені толғаса, содан кейін дәл осы ғимаратта Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру бойынша әлемдік саммит басталды. Әлемнің 12 елінен келген қонақтардың арасында Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг те бар.