Президент • 23 Қараша, 2022
Президент Украинадағы жанжалды шешуге шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Қараша, 2022
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты белгісі, ұлттың мақтанышы, халықтың айбары екендігі белгілі. Әйтсе де, елімізде рәмізтануды ғылым саласы ретінде орнықтыру барысында әлі де қыруар шаруаны атқару қажет. Геральдикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жібек Болтановамен мемлекеттік рәміздер төңірегінде ой өрбіткен едік.
Қоғам • 23 Қараша, 2022
Есту, сөйлеу қабілетінде туғанынан кемістік болса да, қоғаммен араласу мүмкіндігі шектелмеген рухы биік ерекше жандардың таңдаған саласында жеткен жетістіктері талайды сүйсінтеді. Осындай сәулелі жанның бірі – Айнұр Саинованың аты-жөні және кәсібі жақында өткен Қ.Тоқаев жақтастарының сайлауалды форумында жұртшылықты елең еткізді.
Аймақтар • 23 Қараша, 2022
«Қыс маусымына техникалар сақадай сай» деп сансыз есептер берілгенімен, қар түскен күні омбылап қалатынымыз өтірік емес. Күре жолдар күрелмей, көп техника үлгермей жатқанын да неше байқадық. Нақтырақ айтсақ, облыстың жолдарын қыс маусымында күтіп ұстау үшін 518 техника жұмылдырылған екен.
Медицина • 23 Қараша, 2022
Оңалту орталығындағы орайлы істер
Елімізде балаларды оңалту орталықтарына сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Қазір бірнеше өңірде балаларды оңалту орталықтары ашылса, онда көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға да баса мән берілуде. Бірақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар перзентін қолдан келсе, елордадағы University Medical Center корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығына апаруды құп көреді. Біз аталған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысуға барғанда осыған көз жеткіздік.