Қысқы спорт • 20 Қараша, 2019
Қыстың көркі – сырғанақ. Қысы қатты қыспаққа алмайтын алматылықтар үшін бұл игіліктің орны тіптен ерекше. Бірер жыл бұрын қала күні қарсаңында жүргізілген сауалдама нәтижесінде Шымбұлақ әсем Алматының жеті кереметінің біріне баланғанын білеміз. Шаһардың туристік әлеуетін танытып, қонақтарын құшақ жая қарсы алатын кешен биыл алғашқылардың бірі болып шаңғы маусымын ашты.
Руханият • 20 Қараша, 2019
Азуын айға білеген ағайынды Арлан мен Шамай батырлардың айбыны асып тұрған кез еді деседі. Атбасар төңірегін жайлаған қос батырдың ет жақын туысы Байқадам дейтін азамат қоғадай қалың қозған руының бұлықси бой жетіп отырған бір қызын алып қашады. Арада құдалық туралы әңгіме болмаса керек. Тіпті бойжеткенмен уәде де байласпаған. Бұл әрекетті қыз жағы басыну, тізе батыру деп ұқса керек.
Үкімет • 20 Қараша, 2019
Жаңа әліпби емлесі мен халықаралық тәжірибелер жайы сөз болды
Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Экономика • 20 Қараша, 2019
Өзбекстанға электр энергиясын шығарады
Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.
Экономика • 20 Қараша, 2019
Өзбекстанға электр энергиясын шығарады
Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.