Алматы • 20 Қараша, 2023
Көмірден – газға: Алматы ауасына кері әсер азаяды: ЖЭО көгілдір отынға көшіріле бастады
Алматы энергокешенін табиғи газға ауыстыру жолында кезекті маңызды қадам жасалды. Президент тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ұлттық компаниясына қарасты «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңін ойдағыдай аяқтады. Осылайша, алып шаһардың жылу және электр энергиясының негізгі көзі – 2-ЖЭО-да көгілдір отын алауы жағылып, энергетикалық қауіпсіздікке, әлеуметтік-экономикалық ахуалға тікелей әсер ететін өзекті жоба ел өміріне жол тартты.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Делдал тыйылса, баға да айылын жияды
Үкімет әлеуметтік маңызы бар деп белгілеген 19 түрлі азық-түлік тауары арасында Сырда өндірілетіні – күріш пен тұз ғана. Өңірдегі базарлар мен сауда орындары қалған тауар түрлерін сырттан алдырып отыр. Мысалы, облыс орталығындағы «SMALL» супермаркеті сөресінде белгіленген азық-түліктің тек бесеуі ғана бар. Сауда желісіндегілер осы 19 түрдің бәрін де қоюға ынталы.
Пікір • 20 Қараша, 2023
Өткенде жақыны қайтыс болған бір танысымызға көңіл айтуға жиналдық. Бағытымызды білу үшін жалма-жан хабарландырудағы мекенжайға үңілдік. Көшесі мен нөмірі көрсетілгеннен кейін «Пәлен» мейрамханасы, деп жазылыпты.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Жуырда Петропавлдағы «Digital Urpaq» оқушылар сарайында «Мен сенің өміріңнің жалғасымын...» атты облыстық әкелер форумы өтті. Мұны «Сенімен болашақ» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырды.
Сараптама • 20 Қараша, 2023
Еңбек күші қаншалықты жасарды?
Қараша айында Қазақстан халқы 20 миллионға жетті. Демографияның өсуі экономикамен етене байланысты құбылыс екені даусыз. Бұл ретте халықтың еңбекке қабілетті бөлігі маңызды рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті.