Бағдарламалар • 19 Қараша, 2019
Баспанамен қамтитын басты құжат
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы талқыланып, бағдарламаның алдағы 5 жылдағы жоспары қаралды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу, Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі қанатқақты жобаның іске асырылу барысы баяндалды.
Руханият • 19 Қараша, 2019
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлық Ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығы жер-жерде аталып, тағылымды шаралар өтуде. Сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі осы алып мемлекеттің іргесі сөгілгеніне де 600 жыл болыпты. Мұның бір айғағы – әйгілі Едіге дастаны.
Руханият • 19 Қараша, 2019
Бір ғасырлық, яғни жүзжылдың белесіне шыққан «Егемен Қазақстан» газетінде арқа тұтқан ағалар, үлгісін көрсеткен көркем мінез үлкендер, жазушы Мархабат Байғұт сөзімен айтсақ, әспеттеп жүрер «Егеменнің» егделері аз емес. Бұрын да болған, қазір де бар. Олар мұхит толқынындай лек-лек болып келіп, кемеліне келгенде кемеріне жетіп, ұрпақтар сабақтастығының, басылым дәстүрінің ұйтқысы болып отырған. Бұл қанатқақты газетті шығарған Алаш арыстарынан бастау алып, ұлт журналистикасы алыптарының айдынына айналып, олардың ісін жалғаған, ізін басқандарға ұласқан. Ұласа отырып, заманның қырық құбылғанына қарамай, арнасын кеңейтіп келеді. Бұл – заңдылық кешелі беріден емес, арғы бабалар мен даналарымыздан, ата-бабаларымыздан жалғасқан салт-сананың жаңғыруы екені анық. Иә, ұлт тірлігімен ұласқанның ғана ғұмыры ұзақ болатынын өмір көрсетіп отыр.
Қоғам • 19 Қараша, 2019
Ел қауіпсіздігін нығайту – міндетіміз
Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі аралықта елімізде көптеген құрылымдық өзгеріс жүзеге асып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Алайда келешекке сенімді қадам жасау әлі де өзекті екені белгілі.
Экономика • 19 Қараша, 2019
Бизнес және әлеуметтік жауапкершілік
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу, еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыру міндеті қойылып, қарқынды дамыған және инклюзивті экономикаға тың серпін берудің нақты жолдары қарастырылғаны белгілі. Бұл орайда еліміздің даму стратегиясында, әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде тиімді және шағын орта бизнестің алатын орны өлшеусіз екені ешқандай талас тудырмайды.