Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Ұлытауға келуші шетелдіктер саны 2 есе артқан
Ұлытау облысындағы әртүрлі дәуірлердегі тарихи ескерткіштер өңірдің туристік әлеуетін, әсіресе, этно және экотуризмді арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай өңірдегі туризмді дамыту үшін инфрақұрылым оң жолға қойылу керек. Саланы серпілту ісінің мән-жайын Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Президенттен үйсіз жүрген академиктерге пәтер сұрадым – Асқар Жұмаділдаев
Физика-математика ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым Академиясының вице-президенті академик Асқар Жұмаділдаев Мемлекет басшысынан академиктерге үй сұрағанын айтты. Бұл туралы ол «Хабар» арнасының «Алғашқы» бағдарламасында мәлім етті. Өзі тумысынан мансапқа, билікке қызықпағанын, тек Ұлттық ғылым Академиясының вице-президенті лауазымына Қ.Тоқаевтың арнайы тағайындағанын жеткізді.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні
Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1954 жылы әлем елдеріне бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Көлікке газ баллонын орнатуға тыйым салына ма?
Қазіргі таңда елімізде көлікке газ баллонын орнатуға тыйым жоқ. Дегенмен кез келген көлік жөндеу орнында жасалатын бұл қызмет қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Энергетика министрлігі мәселені шешу үшін газ баллонды жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алуды міндеттеу шарасын ойластырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 20 Қараша, 2023
Панфилов пен оның отбасына арналған көрме ашылды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен оның отбасы мүшелеріне арналған «Отбасы тарихы – ел тарихы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.