Халықаралық ұйым ел үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды.
1959 жылы қараша айының 20-сы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Осыған байланысты 1990 жылдан бастап бұл тарихи сәт Дүниежүзілік балалар күні болып белгіленді. Бүгінде бұл күнді БҰҰ-ға мүше 129 ел жыл сайын тойлайды.
Айта кетейік, елімізде 6,6 миллион бала тұрады. Сондай-ақ бұл мереке балалық шақтың нәзіктігін еске түсіруге арналған.