Фото: gov.kz
Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Алматы өңірлік гарнизонының қолбасшылығы, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталған іс-шарада екінші дүниежүзілік соғысының, жергілікті ұрыс қимылдары мен Қарулы күштердің ардагерлері сөз сөйледі.
Экспозицияны генерал Панфиловтың немересі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы ұйымдастырып отыр.
«Отбасы тарихы – ел тарихы» көрмесіне Панфиловтер, Қаралдиндер, Байқадамовтар отбасы мүшелеріне қатысты фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар мен олардың тұтынған жеке заттары қойылған. Экспонаттар патшалық Ресей, революция, азаматтық, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар, сондай-ақ жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңін қамтиды.
Көрмені ұйымдастыруға Кеңес Одағының батыры, 316-шы атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың 130 жылдығы, оның жұбайы Мария Ивановна Панфилованың 120 жылдығы және қызы Валентина Ивановна Панфилованың 100 жылдығы себеп болған.
Панфилов-Байқадамовтар отбасы өмірінің көп бөлігі Алматы қаласымен тығыз байланысты. Мәскеуді қорғауда өшпес ерлік көрсеткен 316-шы атқыштар дивизиясы Алматы қаласында құрылғаны мәлім.
Бақытжан Байқадамовтың тамаша шығармалары Алматыда жазылды. Ал осы күндері Қарулы күштер мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы филиалының директоры Алуа Байқадамова жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытуға баға жетпес үлес қосып келеді.
Іс-шара аясында Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының әртістері Бақытжан Байқадамовтың музыкасына қойылған туындыларды орындады.